Зейнетақы жинақтары

Зейнетақы жүйесінде 1998 жылдан жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған болатын.

Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнеткерлердің еңбек еткен мекемесінен жұмысшының табысы есебінен 10 пайыз, 1998 жылдың қаңтарынан зейнетақы жасына толғанға дейін ай сайын міндетті зейнетақы жарнасы аударылып тұрды.

Осы ай сайынғы аударылған міндетті зейнетақы жарнасы жиылып, қорда жинақталды делік. Зейнетақы жасына толып зейнеткерлікке шыққаннан кейін, осы қорда жиналған жарналарын алуы тиіс. Аталған жинақтаушы қорындағы жарналар инфляция деңгейімен жыл сайын өсіп отырады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысына» сәйкес инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем. Бұл төлемақы түрі «Зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілдігі» деп аталынады. Осы аталған төлемақы түрін алу үшін зейнет жасына жеткен азаматтар қажетті құжаттарын «Халыққа қызмет көрсету» орталығына тапсырады.

«Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтінде жинақтаушы зейнетақы қорындағы (ЖЗҚ-ғы) зейнетақылық жинақтарының сомасы инфляция деңгейін есепке алғандағы міндетті зейнетақылық жарналарының сомасынан көп» болған жағдайда «Зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілдік» төлемақысы тиесілі емес, ал егер нақты зейнетақы жинақтар сомасы инфляция деңгейін есепке алғандағы мөлшерінен кем болған жағдайда ғана айырма тиесілі болады. Сондықтан да «Зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілдігі» атты төлемақы түрі 1998 жылдан кейінгі жылдары еңбек етіп, жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлерге ғана және әр зейнеткердің жинақтаған зейнетақы қорына, инфляция деңгейіне байланысты, яғни әр адамға әр түрлі мөлшерде болады.

Құрманай ҚАЛИЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика