«Ақтау Битумы» ЖШС 2018 жылдың қазанынан бастап 2014 жылы жұмысын тоқтатқан құрғақ құрылыс қоспаларын өндірген «Биаш Тек» зауытын жалға алу және одан әрі сатып алу бағытында үш жақты келісімшарт жасақтап («BIAS TECH» ЖШС, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Ақтау Битумы» ЖШС), жұмысын бастады. Зауыт құрылтайшысы «SAT & Co Managing Company» АҚ.
Қазіргі таңда мекеме 14 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытты қайта қалпына келтіру және сатып алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Зауыт жұмысы іске қосылған кезде жылдық қуаты 100 000 тонна өнім өндіру және 120-130 шамасында адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Зауытты ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айларында іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Даму Банкінің еншілес компаниясы «БРК Лизинг» арқылы 5 жүк тасығыш техника (шахман) сатып алынуда және арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс жасау үшін Түркиядан мамандар шақыртылып, жергілікті мамандарды үйретуде.
Өз тілшіміз