Заңсыз қару сақтағандар тексерілуде

Атыраулық тәртіп сақшылары "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 700-ге жуық азаматтық қару иелерін тексерді. Бұл жөнінде Атырау полиция департаменті фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Шара барысында полиция қызметкерлері шалғайдағы шаруа қожалықтары мен мал жайылым учаскелерін, сондай-ақ қаладағы жеке секторларда орналасқан үйлер мен көп қабатты үй пәтерлерді тексерді. Тексеру барысында азаматтық қару иелерінің қаруларды сақтау ережелерінің орындалуы басты назарға алынды. Себебі заңнамаға сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін үйде, пәтерде күзет дабыл белгісі орнатылуы міндетті.

Шара барысында қару сақтау ережесін бұзудың 60 фактісі анықталған.

Қызылқоға аудандық полиция қызметкерлерімен заңсыз тегіс ұңғылы атыс қаруын сақтап келген азамат анықталып, қару балистикалық сараптамаға жолданды.

Аталмыш шара 29 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика