Әуесқой балық аулауға тыйым салынған күндер

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Индер инспекция бөлімі әуесқой балық аулауға тыйым салу және шектеу туралы хабардар етеді.

Сондай-ақ, Жайық өзеннің мұз қатып қалуына байланысты Атырау облысы бойынша сейсенбі және сәрсенбі күндері әуесқой балық аулауға және қараңғы уақытта балық аулауға тыйым салынған. Бұл жөнінде аудандық инспекция бөлімінің бас маманы Алтын Хасанова хабарлады.

-Орман және жануарлар әлемі комитетінің 2015 жылғы 24-ші шілдедегі №190 бұйырығымен, балық аулауға байланысты әуесқой (спорттық) балық алушыларға 1 (бір) ілмегі бар балық аулаумен жүргізіледі. Балық аулаушыға 5 (бес) кг-ға дейін ақысыз аулауға рұқсат етілетін ескертеді. Әуесқойлық балық аулау кезінде балық аулаушы азаматтар өздерімен бірге жеке куәліктері болу қажет. Атырау облысы Индер ауданындағы су обьектілерінде рекрециялық балық аулау аймақтарына арнайы аншлаг белгі орнатылды. Соған орай белгі қойылған жерлерден балық аулауға рұқсат етілетінін хабарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, яғни 5 (бес) қармақтан және 5 (бес) кг-нан ақсан жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 383-3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT