Ағымдағы жылдың 10-қыркүйегі мен 1-қазаны аралығында өткен "учаске" іс-шарасы аясында Индер ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция және ювеналды полиция тобының инспекторларымен пәтерлер мен аулалар, полиция бөлімінде есепте тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша, азаматтық қарудың жеке иелері, базарлар және өзге де сауда орындары, құрылыс объектілері тексерілуде.
Іс-шара барысында анықталған 1 азаматтың мінез-құлқына сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленсе, алкогольдік ішімдік ішіп, отбасының шырқын бұзған 6 азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды.
Сондай-ақ, бала тәрбиесімен айналыспаған 3 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданса, алкогольдік ішімдікке бейім 3 азаматқа қатысты маскүнемдіктен емдеуге мәжбүрлеп жіберу туралы ұсыным сотта қаралуда.
Индер ауданы полиция бөлімі