Республика көлемінде өтіп жатқан 2019 жылдың 15-16 қараша күндері республикалық «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» атты акциясы Индер ауданында өткізіледі.
Акция учаскелік полиция инспекторларымен өзінің аумағындағы тұрғындардын өзекті мәселелері бойынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон қызметі және қару айналымы бойынша түсініксіз жағдайларды халыққа кенінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Тұрғындар тарапынан туындаған өзекті сұрақтарыңыз болса төменде белгіленген жерге келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады.
Қабылдау 2019 жылдың 15 қараша күні сағат: 09-00-19-00 аралығында Қонаев көшесі 12«А» «Нұр Отан» партиясының ғимаратында және «Аулада қабылдау» бойынша 2019 жылдың 16 қараша күні сағат: 09-00-19-00-де Махамбет көшесі №20 үйдің астында орналасқан №1-ші учаскелік полиция пунктінде өткізіледі.
А.Сапаров
Индер АПБ-нің Әкімшілік полиция
бөлімшесінің бастығы полиция майоры