Су маржандарын сақтау басты міндетіміздің бірі. Десек те кей азаматтар тарапынан талапқа немқұрайлылық танытушылар әлі де кездесіп тұрады.
Атырау облысы бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы былтырғы жылы заңсыз тыйым салынған балық аулау құралдарымен балық аулаған 47 құқық бұзулық фактісі анықталды. Соның ішінде Су асты жауарларына яғни балықтармен басқа да су асты тіршілік көзіне өте қатты зиян келтіретін балық аулауға тыйым салынған құралдың бірі ол «Электрлі балық аулау құралы».
Аталған фактілерге байланысты балықшылардан Индер ауданы бойынша Жайық өзені бойында балық аулауға тыйым салынған құралдармен атап айтқанда электрлі балық аулау құралымен, құрма аулармен және жұлқып тарту қармағымен заңсыз әрекеттерге бармауын ескертеміз. Аталған талап сақталмаған жағдайда азаматтар мемлекет тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Сәуірбек РЫСМАҒАМБЕТОВ,
Индер балық инспекция бөлімінің басшысы