Теңіз кенішінен индерлік 89 жұмысшы үйлеріне оралды

Облысымызда енгізілген шектеулерге байланысты теңіз кенішінде жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс уақыты аяқталғасын үйлеріне қайтару шаралары қолға алына бастады.

Отандық экономиканың қарқынды өсуіне өлшеусіз үлес қосып отырған Жылыой жерінде еңбек етіп жатырған индерлік 108 жұмысшының 89 үйлеріне оралды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуованың айтуынша олар өздері еңбек ететін жерде арнайы дәрігерлік тексеруден өткізіліп, дансаулығы жақсы деген қорытынды алған.

Ал қалған 19 жұмысшы жұмыс берушімен арадағы келісімшартқа сәйкес вахталық ауысым аяқталғанда үйлеріне оралмақ.

Тиісті сақтық шаралары ұйымдастырлып округ әкімдері мен дәрігерлер олардың денсаулықтарын ұдайы назарға ұстап отырады.

С.КӨШЕКОВ

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT