«Таза Қазақстан»: жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзған 2000-нан аса жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Атырау қаласы аумағында 15 сәуірден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық акциясы өтуде.

Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған. Қала аумағында учаскелік полиция инспекторларымен жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзған яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 2338 хаттама жасақталып, әкімшілік шара қолданылды. Мәселен, 16 қыркүйек күні № 5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі қызметкерімен бірлесіп аумақтарын аралау кезінде өздеріне тиесілі аумақтарының алдындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинамаған тұлғаларды анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес анықталған 8 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, оның ішінде 6 тұлғаға ескерту жазасы қолданылды. Келесі 2 тұлғаға қатысты бұрын соңды көрсетілген бап бойынша ескерту берілгені анықталды. Құқықбұзушылық бойынша шара қолданбаған 2 тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521