Тас жолға тәртіп күшейді

 Атырау-Индер тас жолын шектен тыс жүк тиеген ауыржүк көліктері бүлдіріп жатқаны жөнінде индерліктер облыстық мәслихат депутатына шағымданған болатын. Осыған орай облыстық мәслихат дереу тұрақты комиссиялардың басын қосып, тиісті басқарма басшыларын тыңдап, біраз сын да айтқан еді. Кейін жиын қорытындысымен арнайы қаулы қабылданып, облыстық әкімдікке жолданыпты.

- Кеше сессия алдындағы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында осыны тағы көтердік. Бүгін таңертең облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев Атырау-Индер жолындағы жүк көліктерін тексеру үшін арнайы жылжымалы бекет кеткенін хабарлаған болатын. Қазір инспекция өз жұмысын жасап жатыр,- дейді облыстық мәслихат депутаты Ж.Амантурлин.

Оның айтуынша, бұл да уақытша. Сондықтан да бұл жолды тұрақты автовес және  арнайы камерамен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілу керек екен. Қайткенде де халық ұсынысына қалтқысыз қызмет ету парыз.

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521