Тасқынға тосқын жайы пысықталды

Көктемгі су тасқынына дайындық қандай? Авариялық-құтқару жасақтарының жағдайы және арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың жарамдылығы қандай күйде? Осы өзекті мәселелер ауданда өткен республикалық «Көктем - 2019» оқу-жаттығу жиынында пысықталды. Мекеме-кәсіпорындардан барлығы 11 авариялық құтқару топтары қатынасқан жаттығу барысын аудандық оқу-жаттығу штабының басшысы, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев тексеріп шықты.

Алдымен соңғы күндері жапалақтап жаууы жиелей бастаған қардың мәселесі айтылды. Авариялық құтқару тобының мүшелері арасынан да күртік қардан кенттің жаңа қалыптасып жатқан мөлтек аудандарға барып-келудің өзі оңай еместігін алға тосты. Күн тәртібіндегі бұл мәселеде штаб басшысы Қ.Нұрлыбаев ауданда жаңадан құрылған «Жасыл аймақ» мекемесіне қар аршу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Егерде қар тазалау қайырту бермей төтенше жағдай орын алып жатқан жағдайда аудан көлемінде орналасқан кәсіпорындардың қуатты техникалары да көмекке алынатындығын топ басшыларының қаперлеріне берді.

Толығырақ газетіміздің 7 наурыз күнгі №10 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT