Алматы қаласында өткен «Fest Көктем» республикалық жас суретшілер мен қолөнершілер арасындағы көрме-фестивальде индерлік Даяна Жолдасқалиева І орынға (суретте: сол жақта) ие болды.
Ол көрмеге «Көрікті көктем» тақырыбындағы суретін ұсынған екен. Бүгінде Даяна С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, әрі аудандық балалар өнер мектебінде сурет үйірмесінің 1 сыныбында дәріс алып жүр екен. Жетекшісі Жазира Махметқызы шәкірті енді ғана сурет үйірмесіне қатысып жүрсе де, таланты мен шабытының арқасында талай жетістікке жетеріне сенімді.
– Суретке деген қызығушылығым 2019 жылы басталды. Содан бастап өз бетімше үйде құралдарды сатып алып, сурет сала бастадым. Ал, биыл қыркүйек айынан бастап өнер мектебіне сурет үйірмесіне жазылып, білім алудамын. Болашақта дизайнер болғым келеді, - дейді Даяна бізбен әңгімесінде.
Жадыра НАРИМАНОВА