Көлеңкелі экономиканың алдын алу, салық мәдениетін қалыптастыру бағытында сауда орындарында міндетті түрде кассалық аппараттар жұмыс жасап тұруға тиіс. Алайда кейбір кәсіпкерлер кассалық тәртіпті сақтамай, тұтынушыларға фискалды чек беруді ұмыт қалдыратындар, жалтаратындар кездеседі екен. Мысалы, Индер ауданы әкімі Д.Шамұратов Индербордың «Барлаушылар» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесуде кейбір кәсіпкерлер тарапынан тұтынушыларға чек беріле бермейтіндігін айтып шағымданған болатын.
Осы орайда, Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Э.Мұханғалиева, Индербор кенті әкімшілігінің бас маманы Л.Осипян және БАҚ өкілі бар топ кенттің барлаушылар бөлігіндегі бірқатар сауда орындарында болып, кәсіпкерлерге Салық заңдылығына сай түсінік жұмыстарын жүргізді.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ