Сын сағатта шет қалмаған «Халық» қайырымдылық қоры

Осы көктемде Қазақстанды шарпыған ауқымды су тасқыны бұрын-соңды болмаған залал келтірді.

Еліміздің 12 облысы зардап шекті. 19 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген. Су тасқынына қарсы күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Құтқару операциялары барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала эвакуацияланды. 50 мыңнан астам волонтерлер қайырымдылық керуендерін ұйымдастырды.

Волонтерлер су басқан аймақтарға азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізуге қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 маусымда Ақордада өткен салтанатты қабылдау кезінде барлық бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың зор еңбегі туралы айтты. Мемлекет басшысының қолынан медициналық мекемелердің, шұғыл қызметтердің қызметкерлері, еріктілер мемлекеттік наградаларға ие болды. Осындай ынтымақтастықты көрсеткендердің қатарында 30 млрд. теңге бөлген «Халық» қайырымдылық қоры да бар. Мұндай әсерлі сома жаңа үйлер салуға және бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіруге бағытталған. Қор осы көмегі Құлсары қаласының 984 тұрғынын қамтыды. Көмек алған тұрғындар қаражатты аударудың жеделдігі мен бюрократияның жоқтығына таң қалғанын атап өтті.

Мысалы, Құлсары тұрғыны Галина Қаражанова: «Мен «Халық» қорының зардап шеккендерге ақша бөлетінін естідім. 20 мамырда құжаттарды жинадым, ал мамырдың 21-і күні ақша түсті! Мен өте ризамын! Бұл ақшаға үй алғым келеді», - деді ол.

Бұдан бұрын зардап шеккендерге тікелей көмек көрсетумен қатар, «Халық» қоры Атырауда қорғаныс бөгеттерінің құрылысына демеушілік көрсетіп, жанар-жағармай материалдарын, қаптар мен мүкәммалды сатып алуға 280 миллион теңге бөлді. Жалпы, соңғы жылдары «Халық» қоры Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдауға және қайырымдылыққа 85 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521