Су қоймасы қалыпқа келді

Өткен жылы қыс айы түсе аудан әкімі Д.Шамұратов малшыларды аралап,
қал-жағдайларымен танысқан еді. Сондағы Өрлік, Көктоғай шаруагерлерінің
көтерген маңызды мәселелерінің бірі - Өрліктің қырындағы Кеңес өкіметі
кезінде қатқыл малы үшін жасалған жасанды су қоймасының жай-күйі. Заманында мыңғырған малға суат болған сай әбден тозып, тайызданып, батпаққа
айналған. Тіпті, балшығына мал батып қалатын кездері де аз емес. Сондықтан
шаруагерлер су қоймасын тазартып беруді, ол үшін арнайы техникамен
қамтамасыз етуді сұраған болатын.
Міне, «уәде қымбат» дегендей, соның сәті енді түсіпті. Аудандық
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Құсайыновтың айтуынша,
шаруагерлердің ұсынысына қарай аудан әкімдігі қажет техникаларды тауып
беріп, олар 12-13 қаңтарда демалыссыз жұмыс жасап, су қоймасын тазартып
шығыпты. Ал барлық шығындарды шаруагерлердің өздері көтеріп алыпты.


-Бұл көптен күткен және жанымызға батып жүрген жай еді. Өйткені ал-
дына малын салып саулық сұрайтын дала жұртының күнкөрісі төрт түлік малы
ғана. Ал оның қамы жасалмаса, шаруа иесінің де жаны тыныштық таппайды.
Сондықтан мына шаруамыздың біткеніне кәдімгідей қуанып жатырмыз.
Осы орайда аудан әкімінің тапсырмасымен бұл жұмыстың басы-қасында
жүрген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Құсайыновқа да
ризашылығымызды білдіреміз,-дейді өрліктік белсенді азамат А.Батырғалиев.


Осылайша, шамамен ұзындығы 150, ені 20 адымдай болатын жасанды
су қоймасы қалыпқа келді. Енді көктем шыға сай-саладан аққан су осы
котлаванға жиналып, үлкен су қоймасына айналады. Сондай-ақ жаңбыр суымен де толып отырады.
Халық сұранысына орай бұл да бір біткен іс болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT