«Ұстаз – ұлы есім»

Осындай тақырыппен Индер ауданына қарасты Есбол ауылында ұстаздар мерекесіне орай Жамбыл атындағы орта мектепте онлайн концерт боп өтті.

Концерттің мақсаты - оқушыларды ұстаздардың еңбегін дәріптеуге, құрметтеу мен сыйлауға үйрету. Білім мен біліктіліктің ұстаздықтан бастау алатынына дағдылау.

Онлайн шарада республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары мен жеңімпаздары атап айтқанда, Ғазиз Адия, Бағдат Елхан, Сәлімгереева Ақжүніс, Қалиева Айжан, Қайыржан Медина, Жақсылықова Назгүл, Сағат Айзере және 2 сынып оқушыларының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

"Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті" дегендей, бүгінгі республикадан жүлделер алып жүрген шәкірттерімнің өнерін тамашалап, бір марқайып қалдым, - деп қуанышын білдірген облыстық конкурстардың және дәстүрлі әндер классының жеңімпазы, шараны ұйымдастырушы, Жамбыл атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Құлғалиева Жұлдызай Саламатқызы.

Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз