Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Индер аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Әділ Құспанов 85 жылдық тарихи бар «Дендер» газетінің ұжымын қабылдап, құрмет көрсетті.
Алдымен төраға БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың сот жүйесі жұмысын жариялаудағы орасан зор еңбегін атап өтіп, оларға шабыт, шығармашылық ізденістер, жаңа идеялар мен жобаларының іске асуын тіледі. Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан сот пен БАҚ байланысы халық игілігі үшін жалғасын таба берері сөзсіз.Ал өз кезегінде газеттің бас редакторы Ж.Амантурлин құрмет көрсеткен ұжымға шексіз ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, сот ұжымы республикада БАҚ-пен байланыс бағытындағы жұмыс бойынша көш басынан табылып жүр. Журналистерге игі тілегін арнаған аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Гүлфара Егізбаева осылай деді. Өз кезегінде кәсіби медиатор Көркемай Қаусова да БАҚ-пен байланыстың маңыздылығына тоқталып, тілегін қоса жеткізді.
«Дендер»-Ақпарат.