«Өскенде қайтарып беремін» 9 жасар Оразымбет үйлі болды

Жақында Желіде қарт әжесі, зағип анасы мен екі кемтар ағасымен «үй» деуге келмейтін жерде тұрып жатқан 9 жастағы Оразымбеттің оқиғасы елді елең еткізген еді.

«Бір-ақ арманым бар, оны орындасаңыздар, өзім де қайтарып беремін» деген Оразымбеттің сол арманы бүгін орындалып отыр. Оған Шымкент қаласынан үй берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Естеріңізде болса, бұған дейін «Харекет» қайырымдылық қорының құрылтайшы, актер Мадияр Серікпаев Оразымбеттің отбасы тұрып жатқан үйді көрсеткен болатын. Кадрлардан үй кіреберісінде оталған ағаштар жиналып тұрғанын көруге болады, ал есіктен кіре бергенде сылағы түсіп, бұзылайын деп тұрған қабырғаны байқайсың. Оған қоса бұл жерді жалға алып отырғаны айтылады.

«Анамның көзі көрмейді, ағам ауру, әжем де қартайып келе жатыр», – деген еді Оразымбет.

Atpress.kz

 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT