Шығыстан соққан желге шымырлар ғана шыдайды

Бруцеллездің алдын алу, жаппай түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев бастаған арнайы топ бұл жолы Бөдене, Жарсуат ауылдық округіне қарасты қыстақтарды аралап қайтты.

 

Ал аудандық орталық аурухананың директоры А.Доспаева бруцеллездің адамға жұғатынын, одан сақтану жолдарын айтса, фельдшерлер әрбір қыстақтағы тұрғындардың денсаулығын тексеріп, ақыл-кеңестерін берді.

«Сансызда» малсыз отыру мүмкін емес

Бөдене ауылына қарасты «Көрпебай» қыстауына бізді ауыл әкімі Жанболат Ғизатов бастап барды. Мұнда Самиғолла Шөменов басқаратын «Айдын» шаруа қожалығы орналасыпты. Құрылғанына алты жылдай болғанмен негізінен әкелері марқұм Тынышқалидан қалған атакәсіптері екен. Қазақтың айыр өркешті Ойсылқарасы мен сиырды негізгі табыс көзіне айналдырып, шұбат, сүтін орталықтағы базарға шығарып, нәпақаларын айырады. Бұрынғы қарт Жайық тартылғалы судан тапшылық көріп, осы өзеннің ізінен тереңдігі 4 метр малқұдық қазып алыпты.

Одан әрі жылжып «Қызылжардағы» Роза Алмағанбетованың «Қайтпас» шаруа қожалығының тынысымен танысып, сапар жайы түсіндірілді. Баласы Алдамжар Қозыкеев қарсы алып, шаруа жайын айтты. Қожалықтың жағдайы жақсы, төрт түліктің бабын тауып отыр.

Өзен жағасынан енді шығысқа қарай бет алып, Жарсуат ауылдық округіне қарасты «Жаңа құдық» қыстауында орналасқан Гүлшарат Қашқынғалиеваның «Махамбет» шаруа қожалығы және жеке шаруасымен отырған Ибатолла Тәженовтерге қауіпті аурудың мән-жайы, оны болдырмаудың амалдары түсіндірілді.

«Сансыз» деп аталатын жерде Саламат Құрақов пен жұбайы, «Алтын алқа» иегері Нұрзиланың қаладан балалары келіп, қыстық отын жарып, қолғабыс жасап жатыр. Көршісі Талап Төлегенов те жеке шаруасымен қоныстанған.

 

 

Толығырақ «Дендер» газетінің 3 қаңтардағы санынан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика