Шығарма жазудан Шырайлым озды

 «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 85 жылдығы аясында, Ұлы Отан соғысына қатысушы, партия және қоғам қайраткері, КСРО Журналистер одағының мүшесі, газеттің 1976-1985 жылдар аралығындағы редакторы болған Ізтілеу Көпбаевты еске алуға арналған жастар арасында "Біз есте сақтаймыз" атты шығармашылық байқау өтті.

Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің жеңіс жолындағы жанқиярлық ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектерін паш ете отырып, олар сыйлаған бейбіт күннің қадірін ұғу, есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатысты.

Байқау қорытындысына орай редакцияға арнайы келген ұрпақтары Асан мен Хасан Көпбаевтар басылымды мерейтойымен құттықтай келе, өздері тағайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтарды жүлде иелеріне тапсырды. Әділқазылардың шешімімен бірінші орынды Х.Досмұхамедов атындағы университеттің студенті Шырайлым Ислямғалиева ұтып алса, екінші орын «Дендер» газетінің тілшісі Диас Айбаровқа, үшінші орын аудан әкімдігінің баспасөз қызметкері Рафхат Жұмабайға бұйырды.

b

Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Әкежан Біләл, Жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманқызы, Аққала орта мектебінің оқушысы Мерует Рахметолла ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Шараны бас редактор Ж.Амантурлин қорытындылап, жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, І.Көпбаевтың ұрпақтарына редакция ұжымы атынан ризашылығын білдірді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT