Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрлері мекен етеді.
Алайда олардың тек 10-15 түрі ғана астық пен техникалық дақылдардың, көкөніс, бау-бақша егістерінің, мал жайылымдарының және шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері болып табылады. Атырау облысындағы мал жайылымдарының ең басты, аса қауіпті зиянкесі Итальян прусы болып есептеледі. Кей жылдары көбейіп кетіп жайылымдық жерлер мен шабындықтарды, егілген көкөніс-бақша дақылдарына елеулі зиян келтіреді. Аудан аумағында зиянды организмдердің даму кезеңдері бойынша мониторинг немесе зерттеу жұмыстарын «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» (РФДжБӘО) мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалдары жүзеге асырып отыр.
Шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлерімен күрес жүргізу жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2017 жылы аудан бойынша Итальян прусына қарсы 350 га, 2018 жылы «ЗапКазФумигация» ЖШС-нің мамандарымен 210 га жер көлемінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2018 жылы таралу ошақтарының ұшу-шағылысу кезеңінде жүргізілген мониторингтік зерттеулер мен жүйелі бақылаулар кезінде анықталмауына байланысты 2019 жылға өңдеуге жер көлемі болжамдалмаған. Жасалған жұмыстын нәтижесінде Итальян прусы жылдан-жылға азайып отырғанын көріп отырмыз.
Г.Кушкалиева,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.