"Шашу" шаңына да ілестірмеді

Ақтөбе қаласында шығармашылық академия ғимаратында «Би толқынында» атты ІІ Халықаралық би байқауы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Бақытты бала» жобасы аясында екі күнге созылған байқауда аудан намысын қорғаған «Шашу» би ансамблі бас жүлде және «Көрермен көз айымы» номинациясын иеленді.

-Әр қиырдан кіл мықтылар жиналған айтулы додада «Жұпаргүл бағы» орыс биін биледік. Әділ-қазылар алқасы бидің мәніне, мазмұнына, бишілердің қимылы мен әуенінің үндестігін қарап, әділ бағаларын беріп, нәтижесінде бізді бас жүлдеге лайық деп таныды. Бұл байқауда, өнерлі өнерпаздардың арасында қабілет-дарындарын паш етіп қана қоймай, әр қиырдан келген бишілер билерінен тәжірибе алмастық,- дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әсел Омар.

Бүгінде би қимылын жан-жақты меңгеріп, әуенге лайықты қойылымдарды өз көрермендеріне жоғары деңгейде жеткізіп жүрген «Шашу» би ансамблі облыстық, халықаралық, республикалық байқаулар да жүлделі орын алып жүр.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT