ШАҒЫН АУЫЛДАР АУЫЗ СУ ІЗДЕП ШАРШАМАЙДЫ

Аудандағы ірі елді мекендердің бәрі ауызсумен толық қамтылған болса, бұл жұмыстар шағын ауылдарда да аяқталып келеді.

Бүгінде Ақтан мен Қызылжар ауылдарындағы тұрғын үйлерге ауыз су құбырлары тартылып, енді алдағы шілде айында қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов: «Ауылдағы су жүйесін округ әкімінің балансына қабылданғаннан кейін, кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға беріледі. Шалғайдағы Кетебай ауылының тұрғындарына да тамыз айы аяқталғанға дейін үйіндегі ауыз су құбырынан су ішпек. Сонда аудан халқы шын мәнінде ауыз сумен қамтуда 100 пайыз межеге жетпек. Сонымен қатар Елтай, Құрылыс, Ынтымақ, Аққала ауылдарындағы ауыз судың тарифін субсидиялауға құжаттары тапсырылды. Сәтін салса көп кешікпей олар да аудандағы барлық елді мекендер секілді ауызсудың арзан төлемақысына қол жеткізді"-деді.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT