Үш бірдей спорт алаңы ашылды


Елміздің егемендігі туралы Декларация қабылданған 25  қазан - Республика күні болып белгіленіп, қайтадан ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Бұл шешімді халық жақсы қалдады. Осыған орай президент Қ.Тоқаев Ақордада қазақстандықарды мерекелерімен құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырып, құрмет көрсетті.
Ақордада сөйлеген сөзінде Президент: «Елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. 2026 жылға дейін барлық аймақта жүздеген жаңа мектеп бой көтереді. Ауылдарда 100 спорт орталығы ашылады. Сондай-ақ 650 мәдениет ошағы салынады және жөнделеді, – деді. 

Шын мәнінде біздің өңірде барлық мектептердің материалдық базасы жақсарып, Есбол ауылындағы апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынуда. Сонымен қатар кеше Республика күніне орай Индербор кентінде жасөспірімдерге арналған 3 бірдей спорт кешені ашылды. Ауылдық округтердің көбінде спорт алаңдары салынса, енді Елтай, Бөдене, Көктоғайда салынбақшы. Яғни ауылда спортпен шұғылдануға мүмкіндік мол деген сөз. Бұл жетістіктер бұдан әрі жетілдіріле беретіні сөзсіз.


Нұржан Бисенбай,
Аудандық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT