«Сервистік әкімдік» ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында азаматтардың барлық өтініш- тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Индер ауданы әкімдігі ғимаратында «Сервистік әкімдік» ашылды.

Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т.Сүлейменов, «Атырау–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі А.А.Төлешова, аудан ардагерлері қатысып, аудан әкімі М.Қалауи аталған жоба open space форматында халыққа қолайлы жағдай қалыптастырудағы ең оңтайлы нұсқа екенін атап өтті.

ashyk-akimdik

kallsentr

Орталықта тұрғын үй кезегі, әлеуметтік сала, жер мәселелері бойынша арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кеңседе «Атырау–адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған аудан әкімінің азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау кабинеті орналасқан. Одан бөлек, ғимарат ішінде балаларға арналған ойын алаңшасы да қарастырылды.

turgyn-uj-kezegi

ojyn-alanvyy

Айта кетейік, аталған орталықта аудан бойынша көрсетілетін 104 мемлекеттік қызметтің 34 түрін бірден ала алады.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT