Сенбілікке 60 мекеме қатысып, 550 талды отырғызды

Өткен аптада республикалық акция аясында "Көктем" мөлтек ауданындағы саябақта тал егіліп, арамшөбін жұлып, бірқатар тазалық жұмыстары жүрді.

Индербор кенті әкімі Рулан Тұрабаевтың қорытынды мәліметінен білгеніміздей, акцияға барлығы 60 мекеме қатынасқан. Акцияға орай отырғызуға әкелінген 550 дана талдың 303 талы осы саябақта егіліп отыр. Сонымен қатар «Жеңіс» саябағына – 100, басқа да мекеме-кеңселердің алдына 147 тал отырғызылған екен.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазановтың айтуынша, акция аудандағы барлық ауылдық округтерде өтіп, ауыл орталығындағы саябақтарға, ауылға кіре беріс жасыл белдеулерге барлығы мың жарым дана тал отырғызылғанын, енді күтіп-ұстау басты назарда болатынын атап өтті.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT