САЯБАҚҚА СӘН КІРДІ

Республикалық тазалық акциясында атқарылған бұл жұмыс барысында саябақ 7 секцияға бөлініп, әр секция мекемелерге тазалау аумағы белгіленді.

Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын білетін индерліктер бұл іске аянып қалмады. Олар айыр, күректерін асынып, пакеттерге шашылған қалдықтарды жасырып, қаптаған арам шөпті шауып, қураған ағаш бұтақтарын кесіп, жабайы күйге енген саябақтың жасарып-жасануына бар күштерін салды. Айта кетейік, әуелгі баста кенттің жасыл белдеуі ретінде өсірілген тал-теректер «Жастар жылы» аясында арнайы қоршалып, төсемтастары төселіп, самала шамдары жарқырап, арнайы орындықтар қойылып, жастар саябағына айналған болатын. Содан бері 4-5 жылдың көлемі өте шықты.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521