Саябақтарда балалар ойын алаңдары ашылса

Индер аудандық жастар ресурстық орталығына қабылдауға келген Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Айдана Бисешова Индербордағы көгалдандыру жұмыстарымен қатар көп қабатты үйлер аулаларында, саябақтарда балалар ойын алаңдары ашылса, аквопарк салуға қол жеткізілсе, фонтандар орнатылса, ат спортын дамыту қолға алынса деген сұраныстарын ортаға салды.

Ал Тұхфатов көшесінің тұрғыны, үшінші топтағы мүгедек Индира Жанғылышова өзінің еңбекке орналасуына көмек көрсетуді сұрады. Мұндай тілекті аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қабылдауына келген Жайнагүл Сұлтанова да білдірген болатын. Төрт балалы ана үйде бір өзі еңбек ететінін, үшінші топтағы мүгедек жолддасын еш жерде жұмысқа алмайтындығын айтып, бұл туралы тиісті орындарға барғанымен шешімін таппай жүргенін алға тартты.

-Индерборда әлі күнге дұрыс жабдықталған жағажай жоқ. Жаз шыға тұрғындардың көпшілігі арғы беттегі көпір маңына суға түседі. Бірақ онда ешқандай жағдай жасалмаған. Осы жайды түзеуге бола ма екен?-деген мұғалім Ерболат Кәрімовтың да пікірі тиісті орындарға жеткізілетін болды.

Қабылдауды өткізген аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сұңқар Көшеков өздірінің бұған дейін «Zhas project» жобасына аудан бойынша бірнеше бағыттағы 89 жобаны ұсынып, жауап күтіп отырғандарын да алға тартты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT