Аудандық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан полициясы, сонымен қатар медицина, судья және сот қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Дарын Шамұратов кәсіби сала мамандары мен ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, еліміздің дамуы жолында маңызды саланың қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, қызметтік куәліктері табыс етілді.
Сонымен қатар, мерекелік шарада мемлекеттік қызметте, полиция, медицина, судья және сот қызметінде абыройлы қызмет атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосқан қызметкерлер облыс әкімінің және аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.