Сәбиге - сый

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Светлана Жанғали, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның хатшысы Жеміс Тілепқалиева, облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандағы сарапшысы М.Қапезова, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а А.Дюсебалиева Ұлттық домбыра күніне орай аудандық перзетханаға барып, дүниеге есігін ашқан сәбиге домбыра тарту етті.

Ұлттық аспапты ұлығылап, төл мәдениетімізді сақтау мақсатындағы шараға қатысушылар перзетхана ұжымын және жас ананы Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

-Осыдан үш жыл бұрын елімізде Тұңғыш Елбасы белгілеген мереке аудан көлемінде кең көлемде аталып өтіп келеді. Жалпы мұнайлы Атырау облысы атақты Құрманғазы бабамыз бен Дина Нұрпейісова анамыз, күй қағандары Рысбай, Әзидолла, Қаршыға аталарымыздың қасиетті мекені. Сондықтан осы мерекенің біздің өңірдегі маңыздылығы зор,-дейді аудандық аналар кеңесінің төрайымы С.Жанғали.

Мереке қарсаңында дүниеге есігін ашқан нәресте Есбол ауылынікі. Ал анасы Динара Тәжібаеваның айтуынша, сәбиінің есімін отбасы мүшелері болып «Санжар» деп қойыпты. Ал кішкентай сәбидің алдында екі апасы мен бір ағасы бар.

 

42912ccd-3109-4da7-9747-557ad54a36a6

-Ұлттық домбыра күні мерекесі қарсаңында ұлым дүниеге келді. Орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз. Өйткені ақ халаттылар жанымнан табылып, көмектерін аямады. Осынау күнде қазақтың бір азаматына өмір сыйлаған Аллаға разымын. Ұлттық аспабымыз қашанда төрімізде күмбірлей берсін,-дейді жас ана.

Д.АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521