«ҰРПАҒЫМЫЗ СОҒЫС КӨРМЕСІН!»

І ЖАҺАН СОҒЫСЫНДА АУДАНЫМЫЗДАН МЫҢДАҒАН АЗАМАТ СОҒЫСҚА ҚАТЫСЫП, МАЙДАН ДАЛАСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛДЫ. СОҒЫСТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН АРДАГЕРЛЕР БЕЙБІТ КҮНДЕ ДЕ ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕТІП, ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ. БАЛА КЕЗІМІЗДЕ БІЗДІҢ Б.БОЗЕКЕНОВ КӨШЕСІНЕН ДЕ ОМЫРАУЫ ОРДЕН МЕН МЕДАЛЬДАРҒА ТОЛЫ МАЙДАНГЕРЛЕР БАРШЫЛЫҚ ЕДІ. СОНЫҢ БІРІ – КӨРШІМІЗ ШОТАЙ ОМАРОВ БОЛАТЫН.

– Балаң жігіт шағымыздан қолымызға қару алып, от кешуге тура келді. Құдай сақтасын, сұрапыл соғысты ешкім көрмесін. Мұндайды бізден кейінгі ұрпағымыздың басына бермесін, халықтың тыныштығы мен амандығына жететін ештеңе жоқ, - деп ұлағатты сөзін айтып отыратын майдангер.

Ол 1926 жылы Есбол ауданы Тума ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Соғысқа дейін Папанин кеңшарында еңбек еткен. Соғысқа ағасы Сапидолла Омаровпен бірге аттанған. 1944 жылы кәмелет жасқа толысымен Кеңес ар - миясы қатарына шақырылып, Латвия, Литва қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысқан. Соғыстағы ерен ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған.

Соғыстан оралған алғашқы жылдары «Доссор мұнай - газ» кәсіпорнында еңбек етті. Кейін туған өлкесіне оралып, өмірінің соңына дейін Индер «Борат» кенішінде еселі еңбек еткенін көре қалдық. Ол «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Жұбайы Жәйлан Досқалиева екеуінен 7 бала өрбісе, қазір олардан тараған ұрпақ еліміздің дамуына үлесін қосып келеді.

С.БАЗАРБАЕВ

Индер ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT