Ауданда өткен Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік жиында әріптесіміз Бокирова Ақмарал Төлегенқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Ақмарал Төлегенқызы жұмыс барысында әр мақаланың терілуіне, газет санының қатесіз шығуына үлес қосып келеді.
Сонымен қатар, өзінің тың ізденістерімен газеттің ойлы оқырмандарына әр түрлі бағыттағы мақалалар жазып, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған спорттық жарыстарға белсене қатысып, ауданның абыройын көтеріп жүр. Ендеше, әріптесімізге шығармашылық шабыт тілей отырып, отбасына аманшылық, деніне саулық тілейміз.
Дендерлік әріптестері.