Реформа және референдум: өзгерістер мен меже

Облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің ұйымдастыруымен «Конституциялық реформалар және республикалық референдум: өзгерістер мен меже» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Биылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум және конституциялық толықтырулар мен өзгерістерге қатысты маңызды мәселелерді талқылаған жиынға бірнеше сала өкілдері шақырылды.

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Кеңес Қосыбаев, «Қазақстан Халық партиясы» Атырау облыстық филиалының төрағасы, референдумды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық штаб мүшесі Ерболат Дәулетқазиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Өмірбек Бекежан, Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Жанна Шаяхметова, заң саласының ардагері Марат Сүлейменов, Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық , «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, партиялық емес бақылау орталығы филиалының басшысы Дәурен Сейітқалиев қатысқан басқосу барысында жоба талқыланып, негізгі басымдықтар аталды. Референдум өткізу, тұрғындардың саяси науқанға қатысу белсенділігін арттыру секілді тақырыптар талқыға түсіп, нақты ұсыныстар айтылды.

Гүлжан ӘМІРОВА

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика