Құрбандық шалынып мұқтаж жандарға таратылды

Құрбан айт мерекесі аясында Индер ауданындағы мүмкіндігі бар азаматтар да құрбандыққа малын сойып мұқтаж жандарға таратты.

Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы қажы Қамзағалиевтан білгеніміздей, «Рауан» қайырымдылық қоры 125 отбасыға азық-түлік таратыпты. Аты-жөндерін жарияламауды жөн көрген Индердің және Атырауда тұратын ауылдың бір топ жігіттері 5 сиырды құрбандыққа шалыпты.

Сонымен қатар бүгінде Атырауда тұратын Индердің тумасы Меңдіғалиева Жанат Манарбекқызы да жеке өзінің атынан 3 сиырды ауылдастырмын бөлісіп, мәрттік танытыпты.

eraly

-Құрбан айт басталған екі күнде барлығы 11 сиыр, 10 қой-ешкі аудан орталығындағы мал сою пункітінен сойылып, мұхтаж жандарға таратудамыз. Қазір күн ыссы болғандықтан да бұл жұмысымызды ширатудамыз, - деді бас имам Ералы қажы Жұбанұлы.

С.Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521