Еріктілер ет пен азық-түлікті 120 отбасыға таратты

Бүгін күллі мұсылман баласы асыға күтетін, мейірімділік пен қамқорлықтың жаршысы Қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды.

Ұлық созылатын мерекеде иісі мұсылман баласы Аллаға шүкір етіп, бас-амандық үшін құрбандық шалады. Тек, биылғы жылы карантинге байланысты - Құрбандық шалу онлайн режимде өтетіндігін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтқан болатын. Дегенмен де бүгінге дейін санитарлық талаптарды ескере отырып, Құрбан айт мерекесіне орай аудан бойынша белгіленген бес жерде 120 қой, 5 сиыр сойылып, еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Сондай-ақ ауданның кәсіпкерлері мен "Рауан" қайырымдылық қорының құрбандыққа шалған бес ірі қара малының еті және азық-түлік себеттері Индербор кентіндегі көпбалалы, жалғызбасты 120 отбасыға "Әйіп-қажы" мешітінің ерікті жастары таратты. Айта кетейік, Құрбан айт мерекесі 31 шілде күні басталып, 3 күнге созылады.

Алла Тағала шалғалы отырған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңізді қабыл қылғай

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521