Қызылжар мен Ақтан сумен қамтылды

 Бүгінде ауылды аймақтардағы 153 елді мекеннің 121 елді мекеніне таза ауыз су жүйесі тартылып, сумен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылы басқа да елді мекендерді таза ауыз суымен қамтамасыз ету үшін 689, 197 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда аталған қаражатқа өңірдегі 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстары іске асырылуда.

- Күні бүгін 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтсақ, олар Индер ауданы Қызылжар, Ақтан елді мекендеріндегі су жүйесінің құрылысы және Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы Жұмекен ауылындағы Дәулеткерей, Көнеу елді мекендеріндегі су жүйелерінің құрылысы. Бұдан басқа Құрманғазы ауданы "Астрахань-Ганюшкино-Маңғышлақ" су құбырынан Ганюшкин, Нұржау, Орлы, Кадырка, Жұмекен, Дәшін ауылында орналасқан су тазарту имаратына қосу үшін жергілікті бюджеттен 392, 919 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 6 елді мекенге жобалау жұмыстары жасақталып, құжаттары дайын тұр, - дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, аталған жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылғанда, өңірдегі 153 ауылдық елді мекеннің 132 елді мекені немесе халықтың 99,1 пайызы таза ауыз суымен қамтамасыз етілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика