Қазақстандағы блокпостардың барлығы алынады

Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов.

Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді. Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды дезинфекциялау, көлік салонына тек медициналық маскада отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21