Қарсыластарын қапыда қалдырған қыз

Күні кеше аудандық «Есенин оқулары» байқауы қортындыланды.

Айталық, аталған байқау 13 қазан күні «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн форматта өтті. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларының арасынан талантты, бiлiктi, дарындыларды анықтау мақсатында өткiзiлген байқауға барлығы 21 оқушы қатынасып, нәтижесінде 6 оқушы жүлделі орындармен, қалғандары бөлімнің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ал облыстық байқауға жолдама алған Махамбет атындағы орта мектептiң оқушысы Ләззат Жамбылқызы 22 қатысушының ішінен оқ бойы дараланып, жүлделі бірінші орынды еншіледі. Елдегі ахуалға орай қашықтан ұйымдастырылған байқауда кейіпкеріміз С.Есениннің «Черный человек» поэмасын 8 минут ішінде еш мүдірместен, орыс тілінде жатқа оқып, жеткізе білді. Ауылдан шықса да, қаладағыларды басып озған, шет тілі болсада еркін сөйлей алатын, өз ойын әдем жеткізе белетін Ләззаттың бұл өзге тіл бойынша қатысып отырған алғашқы байқауы.

Айта кетейік, облыстық байқауға Ә.Кекiлбайұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Алжанова Анель жолдама алған болатын. Жеңістеріңіз құтты болсын!

А.ДИАС

Жарсуат ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521