Праймеризге ауданнан 50 үміткер тіркелді

Өткен тамыз айынан бері еліміздегі саясат аламанының негізгі көркін қыздырушы «Nur Otan» партиясы мүшелері арасында праймериз өткізу қолға алынды.

Бұл турасында партия төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Партиялық тізімдерге халықтың әртүрлі бөлігінің өкілдері, беделді, азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс» деуінде үлкен мән жатқандай. Бұл науқанға ауданнан 50 адам қатынасуға ниетті. Саяси додаға қатынасушылардың ішінде әйел азаматтар да өз бақтарын сынауға бел шеше кірісіп отыр. Атап айтқанда, үміткерлердің 16-ы әйелді құрайды. Жас ерекшелігіне қарай жіктер болсақ, 35 жасқа дейін -13, 36-50 жас аралығында -19, 50 жастан жоғары- 18 адам бар. Араларында дәрігер, кәсіпкер, мұғалім, тәжірибелері толысқан түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары да бар.

Олар әлеуметтік желідегі түрлі парақшаларда партия мүшелерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын қызу бастап кетті. Бағдарламалары да әр алуан. Таяуда аудандық мәдениет үйінде алғашқы пікірсайыс өтті. Онда кәсіпкер, дәрігер, колледж директоры және аудандық, облыстық мәслихат депутаттары өз уәждерін дәлелдеп бақты. Олардың барлығы да болашақта депутаттық мандатқа ие болуды көздеп отыр.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының ауданда 1638 мүшесі бар.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT