Полиция қызметкерлері тәулік ішінде карантин режимін бұзушыларға 55 әкімшілік хаттама ресімдеді

Карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы күнделікті профилактикалық түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан, жекелеген азаматтар талаптар мен шектеулерді ескермей отыр.

Жексенбі, 19 сәуірде полиция қызметкерлерімен карантин режимін сақтамағаны үшін 60-қа жуық адам анықталды.

Оның ішінде күндізгі уақытта карантин режимін бұзған 39 дерек тіркелді. Тәртіп сақшылары 100-ден астам азаматқа ескерту жасады. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерімен қатар, тұрғын үйлердің маңайын, көшелерді тексереді. Денсаулыққа қауіп төнетінін ескермей, балаларын ойынға шығарған ересектермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атырауда карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Қала тұрғындарына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске саламыз, кез келген құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілікке , атап айтқанда 10 АЕК мөлшерінде айырпұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Өткізілген іс-шараларға түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды және оларға инфекцияның алдын алуға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Бұл шаралардың барлығы сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін жасалуда. Осыған байланысты полиция тұрғындарды карантин режимін бұзбауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз