Полицейлер 5 жылға сотталды

Атырау облысы Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 1, 2 тармағымен айыпталудағы К мен Н-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғанындай, сотталушылар аудандық құқық қорғау органының лауазымдық қызметкерлері бола тұра, өздерінің қызметтік міндеттерін асыра пайданалып, жәбірленуші азамат К.-ға арнайы құралды пайдалана отырып күш қолданған. Нәтижесінде азаматтың денсаулығына елеулі зиян келтірген. Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толықтай мойындамай, арнайы құралдар қолданбағандықтарын айтты. Қылмыстық іс жан – жақты зерделеген сот отырысы кезінде полицейлердің заңсыз әрекеті толықтай дәлелін тауып 5 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залынан қамауға алынды. Әрі құқық қорғау органдары саласында қызмет ету құқығы 5 жылға дейін шектелді, арнаулы сыныптық шендерінен айырылды,-деп хабарлайды аудандық сотының баспасөз қызметі. Үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот үкімімен келіспеген сотталушылар жоғары сатыдағы сотқа шағымдануға құқылы.

 

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521