Пішеншілер әлі шабындықта жүр

Қараша айы келсе де күннің сәл ашықтығын пайдаланған пішеншілер шабындыққа барынша шалғы сермеуде.

Жалпы биылғы қуаңшылық малшыларға қатты әсер етіп, шөп тым сирек шыққан. Оның үстіне өткен жылы біраз жер өртеніп те кетті. Жаңбыр болмаған соң оның бірер жылда қалыңдыққа айналуы да екі талай. Дегенмен, «Ақниет», «Кенже» шаруа қожалықтары бірігіп, «Масат» пен «Шұбалаң» жайлауы аралығындағы тегістікке шалғы салып, мал азығын дайындауда. Ақтық пен шағыр, жусан аралас алқап сұйық болса да өзге шабындық жоқ. Сондықтан әуелден еңбекке машықтанған бұрынғы «Амангелді» кеңшарының қызметкерлері Нағиым Каукенов пен Сандыбай Қаражанов техникаларын күтіп, ұстап сынғанын сол далада жөндеп алып, өнікті еңбектің үлгісін көрсетуде.

-Шабындық жоқтың қасы. Бір айналымның өзінде түскені көңіл көншітпейді. Барымызша жинап, рулондап жатырмыз. Салқын түскенше шауып, одан соң қыстақ басына тасылады,-дейді Н.Каукенов.

Ж.ІСІМ.

Елтай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз