Партия төрағасы сайланды

Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтіп, оған 45 делегат қатысты.

Күн тәртібінде партияның аудандық филиал басшысын сайлау және Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Мемлекеттік Әнұран орындалған соң конференция жұмысын партия төрағасының бірінші орынбасары Ө.Оразғалиев ашып жүргізіп, алдымен мандат комиссиясының хабарламасы тыңдалып бекітілді. Одан әрі Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі М.Досмұхамбетовтың ұсынысы және «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен партияның аудандағы филиал төрағалығына Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлының кандидатурасы ұсынылып, толық қолдау тапты. Сонымен қатар Саяси кеңес құрамына да ұсынылған кандидаттар дауыс беру нәтижесімен оң бағасын алды. Осылайша конференция «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы болып Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлының сайлануы және жаңа Саяси кеңес құрамын бекіту жөнінде қаулы қабылдады.

Өз сөзінде С.Өтеғұлов қолдау білдіріп, сенім артып жатқан партияластарына алғысын білдірді. Сондай-ақ партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың әр партия қатарындағы азаматтарға қойылған талап мүддесінен шығу міндеттігін, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы екендігіне тоқталды. Расында да жақында осы сайлауалды бағдарламалардың орындалысы қаралған мәжіліс кезінде көптеген сын-ескертпелер айтылған еді. Енді осыған жауапкершілікпен қарап, халық алдында берген уәдеге берік болу қажет екендігі баса айтылды.

Ж.ИСЛАМҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT