Индер аудандық мәдениет үйінде «Отбасы – ұлағат ұясы» халықаралық Отбасы күніне орай арнайы шара өтті. Салтанатты шараға ұрпақ өсірумен қатар қоғам өміріне, түрлі саланы өркендетуге белсене араласқан Пангерей Құбиев, Қайыржан Адыров, Аралбай Өтешов, Қасымғали Құспанов, Самғат Тайбалиев, Нұрлыбек Қабдырахманов отбасылары арнайы шақырылып, олардың үлгі-өнегесі, жанұя мен қызметтегі жетістіктері паш етілді. - Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия отбасы құндылығына, әйел затының қоғамның әр саласында беделін арттыруға, ана мен бала тағдырына әркез көңіл бөліп келеді. Айталық, өткен 2014 жылдан бастап қолға алынған «Мерейлі отбасы» байқауының өмірге келгеніне де 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында көптеген отбасылар аталмыш байқауға қатысып, жүлдегер атанды. Ал биылғы жылы осы байқауға аудан бойынша 6 отбасы қатысты,-дейді аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жетекшісі Ж.Тілепқалиева. - Ұрпақ тәрбиесі әрбір ата-ананың абзал борышы болса, ата-ана үмітін ақтау – ұрпақ парызы. Сондықтан осынау мерекемен барша отбасыны құттықтаймын,-деді «Мерейлі отбасы» байқауында бағын сынағандардың бірі Қайыржан Адыров. Айта кетейік, аталмыш байқау қолданысқа енгізілгелі бері республика бойынша 130-ға жуық отбасы қатысып, есболдық Тілекқабыловтар отбасы 2019 жылы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Сұңқар КӨШЕКОВ
«Отбасы – ұлағат ұясы»
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 361