Отаншылдыққа бағытталған мазмұнды шара өтті

Аудандық ардагерлер кеңесінің бөлмесінде "Сағындым, әже өзіңді" тақырыбында отбасы, отаншылдық рухты, патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатындағы мазмұнды шара өтті.

Оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов катысып, туған жерден жырақта Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген жастарға дәм ұсынған Шымкенттегі әжелердің игілікті ісін үлгі етті. Сарбаздар отбасына, ата-әжелеріне деген сағынышын аялаған шарада дастарханға үлкендер дайындаған тағамдар койылып коймай ән шырқалып, ауыл, кеңес айтылып, бата берілген мұндай дәстүрдің сағынышын басып қоймай, олардың арасындағы бірлікті де нығайта түсуге, Отан алдындағы борыштарын адал атқаруға себеп боларын ардагерлер Қ. Қапиз, Б. Нұрсұлтанова, К. Хайырлиев, Б. Қарекешова, Ш. Мұхамедияр, тағы басқалары құптады. Республикалық ардагерлер бірлестігінің ұсынуымен өткен шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Нұриев қорытты. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Д. Шамұратов қатысты.

ardagerler

shamuratov

kshekov

Соңынан облыстық ардагерлер бірлестігінің төрағасы Қатимолла Ризуанов ауданның құрметті азаматы Е. Көшектің шаңырағында болып, азаматтың рухына дұға оқып, республикалық ұйымның, құрмет белгісін жұбайына табыстады.

С. Халықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521