Орталық монша заманға сай жөнделеді

Индербор кентінде орталық монша былтырдан бері тоқтап қалғаны белгілі. Әрі моншаның сыртқы келбетінің де күйі кетіп қалғаны көрініп тұр. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан орынды реніштері орын алып жүргені жасырын емес. Әзірге пандемияға байланысты карантин болғанымен, бұйырса алда бәрібір моншаға қажеттілік туындайды.

Осы орайда сауалымызды аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі басшысы Ақесен Ибрагимовқа қойғанбыз.

- Моншаны жөндеуге байланысты барлық техникалық құжаттары дайындалып, тендерге берілді. Жеңімпазы анықталғаннан кейін алдағы мамыр айында жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Жөндеу кезінде моншаның барлық ішкі кафелдері ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстарының бәрі заманға сай жаңғыртылады. Сонымен қатар моншаның алдына да абаттандыру жұмыстары қаралған, - деді бөлім басшысы.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз