Орталық саябақ жаңғыртылады

Есболдағы көк жамылған ежелгі көшелер мен бақтар соңғы жылдары азайып, жойылып, біразы күтімсіз қалған еді.

Бүгінде ауылда осы олқылықтардың орны толып, жаңа үйлер мен бақтар салынып, бұрынғылары көгалдандырылып, жаңару үрдісі басталғандай. Округ әкімі Ерболат Сабировтың айтуынша, алдымен орталықтағы 3 гектар жерді алып жатқан ескі бақты жаңғыртуға 20 млн. теңге қаржы қаралып, оған қоршау, жас талдар егіліп, жолдар тегістеліп, гүл жәшіктерін орнатып,ойын алаңдары салынып, мәдени-демалыс орынға айналдыру жұмысы басталмақшы екен.

Несі бар кеш болса волейбол ойнап, би алаңына асығатын баяғы жастар бүгінде есейіп кетсе де олардың ұл-қыз, немере-жиендерінің мәдени демалысын ойласақ бұл да өте керек іс. Жағымды жаңалықтың ғұмыры ұзақ болғай!

С.БИСЕНОВ,

Есбол ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT