Орманшыларда питомник те бар

Ауданда ауылдарды айтпағанда орманшылардың өздері жыл сайын 20 га. жерге ағаш отырғызып, баптайды.

2018 жылы 20 га. жерге отырғызылған алқаптың шығымдылығы – 56 пайыз. Ал «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РММ мәліметі бойынша алқап 7617 га. жер құраған.

Жалпы «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ бойынша жыл табыссыз болмаған. Бастысы орман өрттерін болғызбау, орын ала қалған жағдайда онымен күрес мәселесі бойынша көптеген жұмыстар атқарылған.

Мекеменің қорында аумағы 1 га. питомникте қарағаш, шаған, үйеңкі, көктерек, барлығы – 46.3 мың дана күтімге алынған. Питомникте жыл сайын яғни, 2013 жылдан бері 300 жас сарбаз жұмыс жасаған.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT