Өрліктің өз «Мақсаты» бар

Жиырма жыл бойы халыққа шаштараз қызметін көрсетіп, кәсібінен нәсібін айырған Индер ауданына қарасты Өрлік ауылының тұрғыны Балыш Темірханова төмен бағада көтерме және бөлшек сауда жасайтын «Мақсат» дүкенін ашты.

Жұма күннің жақсылығындай жаңа нысанның ашылу салтанатында ауыл әкімі Серік Сисатов сөз алып, ауылдағы азық-түлік дүкендерінің қатарын толықтырған қуанышқа ортақтасып, кәсіпке сәттілік тіледі. Сол секілді аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Дулатбай Сариев пен кәсіпкерлік палатаның басшысы Мырзабек Тасыбаев та өз құттықтауын жеткізді.

maksat-ish

Кәсіпкер қазақтың ырымымен қуанышты бөлісе келген құтты қонақтармен қатар, етжақын туыстары мен көршілеріне ақ ұсынса, ауыл ақсақалы Аққожа Бергенов батасын берді.

Өз күштерімен еңбектеніп, жиған-терген қаражаттарымен дүкен ашқан кәсіпкер екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521