ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесі қарсаңында Өрлік ауылдық округінде алғаш рет жаңа үлгіде жабдықталған спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Шараға аудан әкімі М.Қалауи, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Р. Ғ. Хисметов, самбодан Әлем чемпионы С. Қапсалықова мен ауыл ардагерлері қатынасып, спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.
Заманауи стандартқа сай салынған 2 қабатты нысан қажетті құралдармен жабдықталып, спорттың бірнеше түрімен айналысуға толық жағдай жасалған.
Аумағы 896,2 шаршы метр болатын ғимаратта бір мезгілде 300-дей бала 5 спорт түрінен жаттыға алады.
Атап өтсек, дзюдо, қазақ күресі, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика. Бұдан бөлек, спорт кешенінің жанында футбол алаңы да орналасқан.
Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Енді қырқүйек айынан бастап спорт кешені жас өрендерді аталған спорт түрлерінен қабылдайтын болады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі